15.10.2019, 10:06
Оқылды: 50

«Nur Otan» партиясы Бәйтерек аудандық филиалының актив отырысы өтті

«Nur Otan» партиясы Бәйтерек аудандық филиалының төрағасы Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен актив отырысына «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев, облыстық филиалдың ұйымдастару бөлімінің меңгерушісі Кенжалы Төремұратов және «Жас Отан» ЖҚ облыстық филиалының төрағасы Нұрғали Жолдасқалиев қатысты.

nur otan (2)

         - 2019 жылдың 21 тамызы күні Партияның төрағасы Н.Назарбаевтың төрағалығымен өткен кеңейтілген Саяси Кеңестің отырысында «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» атты партия жұмысын жүйелі жаңғырту бағдарламасын ұсынған еді.

Осыған орай, біз сіздермен бірге біздің партиялық жұмысымыздың қайта жүктеу мәселелерін талқылап, оның алдағы уақыттағы стратегиясы мен тактикасын қайта әзірлеуіміз қажет.

nur otan (3)

         Біз халықтың тарапынан мәселелерді, мұң-мұқтажын анықтап, жедел түрде шешу жолдарын қарастыруымыз керек, ол үшін мемлекеттік және уәкілетті органдар, депуттармен бірлесіп тығыз жұмыс жасауымыз қажет.

Филиал төрағаларының бірінші орынбасарларынан бастап, қызметкерлер, мәслихаттардағы партия фракциясының депутаттары селолық округтерде, елді мекендерде жоспарлы жиындардан гөрі қарапайым халықтың тобымен жиі кездесеміз, - деді А.Шахаров.

nur otan (1)

Аудандық филиал активінің күн тәртібінде «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың төрағалығымен өткен «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің шешімдерін орындау және облыстық Саяси кеңесінің шешімдерінен туындайтын партиялық қайта жүктеудің негізгі бағыттарын жұмысымызға енгізу туралы мәселе қаралды.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Мұрат Мұқаев сөз сөйледі.

- Біздің алдымызда үлкен мақсат пен міндет тұр. Еліміздегі жетекші партияның беделін көтере түсу, партия ұсынған бағадарламалар аясында жұмыстану ел бірлігін, тұтастығын сақтауға негізделген.

Елдегі жасалынып жатқан жұмыстарға депутаттарды, жастар белсенділерін қатыстыру арқылы партия абыройы арта түседі.

Партия идеясы аясында өмірге келген бағдарламалардың барлығы да халықтың тұрмысын жақсартуға, өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. Осы бағытта бірлесе атқарып отырған жұмысымыз нәтижелі болсын! Ел бірлігі арта берсін! - деді М.Мұқаев.

Айта кету керек, ауданға атбасын тіреген меймандар музей жұмысымен де танысты.

Ертай Бимұханов

суреттерді түсірген

Сәлім Мәмбетәлиев

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале