3.12.2019, 15:02
Оқылды: 47

«Nur Otan» партиясының аудандық актив жиыны

«Nur Otan» партиясының Бөкей ордасы аудандық филиал төрағасы Нұрлан Рахымжановтың төрағалығымен, саяси кеңес, мәслихаттағы фракция мүшелері, бастауыш партия ұйымдары төрағалары, партия белсенділері және филиал қызметкерлерінің қатысуымен өтті.

nur otan

Күн тәртібінде партияның «Қайтадан жаңғыруы» мәселесі талқыланды.

Елбасымен кездесуде облыстық делегация құрамында болған «Nur Otan» партиясының аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Мейрамбек Аққалиев сөз алып, ҚР Тұңғыш президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясындағы «Мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауының маңыздылығына тоқталды.

Оған қоса, ең бастысы – әрбір әкім мен мәслихаттардағы фракция депутаттарының партиялық жауапкершілігін түбегейлі күшейту, бюджеттен бөлінген қаражаттың жұмсалуына нақты партиялық бақылауды қамтамасыз ету және жергілікті жерлердегі партия жұмысын күшейту керек екендігін айтып өтті.

Мейрамбек Аққалиев «Сенім. Диолог. Болашаққа нық қадам – «Nur Otan» партисының 7 серпін» бағдарламасы бойынша аудан көлемінде қолға алынған іс-шараларға тоқталды.

Аудандық мәслихат хатшысы Ерболат Таңатов, «Солтүстік» бастауыш партия ұйымының төрағасы Қуаныш Елемесов және аудандық депутаттық фракция жетекшісі Тілеген Арыстанбеков партия жұмысын ширату тұрғысындағы пікірлерін ортаға салды.

 

Еркебұлан Бисенғалиев

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале