3.09.2018, 12:16
Оқылды: 49

Нұрсайда майдангерлерге арналған мемориалдық тақта ашылды

Қазталов ауданы Нұрсай ауылында 1941 жылы майданға аттанған барлық жауынгердің есімі жазылған даңқ мемориалды тақтасы ашылды.

terenkol (2)

Аудандық мәслихат хатшысы Сәрсембай Молдашев пен ауыл ақсақалы Едіге атамыз мемориалдық ескерткішті ашу құрметіне ие болды. Ардагерлер кеңесінің төрағасы Уәлиолла Әбішев пен Абуғали Ғұмаров мәңгілік алауды жағып, елді қуанышпен құттықтады.

«Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақалада көрсетілген «Туған жер» бағдарламасы аясында жергілікті меценаттар Абуғали Ғұмаров пен Дамир Балмулдин демеушілік жасады.

.Айта кетейік, ескерткіш тақтаға 334 жауынгердің аты жазылған. Әлі де зерттеу жұмысы жүргізілуде. Алдағы уақытта бұл тізім толығуы әбден мүмкін.

Гүлнұр ҚАЗБЕК,

Қазталов ауданы

terenkol (3) terenkol (5) terenkol (6)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале