19.05.2018, 14:10
Оқылды: 55

Облыс əкімі Зеленов ауданындағы жол құрылысымен танысты

IMG_8212Зеленов ауданына жұмыс сапарымен келген облыс әкімі Алтай Көлгінов күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатырған Үлкен Шаған – Переметный – Вечный тас жолының құрылысымен танысты.


 

IMG_8306«Түркістан Жолсервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қолға алған жөндеу жұмыстары былтыр басталған. Жалпы ұзындығы 32 шақырымды құрайтын жолдың қазіргі таңда 7 шақырымы жөнделіп жатыр. Жыл аяғына дейін жұмысшылар 20 шақырымды аяқтамақшы.

Құрылыс жұмысын мойнына алған серіктестіктің бас инженері Жандаулет Хамзаұлының айтуынша, жол жөндеуге 27 техника, 40-қа жуық адам жұмылдырылған. Қажетті деген материалдар да жеткілікті көрінеді.

IMG_8178Жол құрылысы сәтті аяқталса, Ресей Федерациясының Сарытау (Саратов) қаласы мен еліміздің Атырау қаласына барар жол әлдеқайда қысқарып, облыс орталығындағы жолға түсер жүк те азаяр еді.

Құрылыстың қарқынын бағамдап, жұмысшылармен де тілдескен Алтай Сейдірұлы аудан басшылығына жұмыс барысын бақылауда ұстау керектігін тапсырды.

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале