8.06.2018, 19:28
Оқылды: 74

Облыс әкімі Алтай Көлгінов Бөкей ордасы ауданында болды

received_2010161012582583Өңір басшысы Мемлекет басшысының облысымызға биылғы сапары өңіріміздің дамуына тың серпін бергеніне тоқталды.

Сонымен қатар Бөкей ордасының тарихына, Жәңгір ханның Нарын құмды ну орманға айналдыру бағытындағы игі істеріне қысқаша шолу жасады.

Облыс әкімі мен жиналғандарды ауданымыздағы атқарылған, атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырған аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов елді мекендерге ауыз су, газ құбырларын жеткізу жайларын картадан көрсете баяндап, Алтай Сейдірұлы қойған сұрақтарға тиісінше жауап та қайтарды.

received_2010160795915938Облыс әкімі кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалы директоры Бибігүл Жұмағұлова бастаған бір топ кәсіпкерлермен кездесуге де уақыт тауып, жағдайларын сұрап білді. Шағын бизнестің өркен жаюына мұрындық болуларын сұрады. Қолдан келген көмек көрсетілетінін баяндады.

Президент үндеген бес әлеуметтік бастаманың үшіншісі – жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту. Бұл қалаға қатысты жайт болса, ауылдарда да мектептер мен мектеп жанындағы интернаттардың, балалар бақшасының көркін келістіріп, жайлылығын көтеру назардан тыс қалып жатқан жоқ.

Соның бір айғағы – Сайқында салынып жатқан жаңа типтегі жатақхана құрылысы. Екі орта мектепке ортақ бұл интернаттағы оқушылардың ескі ғимараттың тар бөлмелерінде тығылысып жүргенін ауданымызға алғаш келгенде байқаған Алтай Сейдірұлы білім мен қаржы басындағыларға тәртіп беріп, жоспарға енгізуді шұғыл тапсырған-ды. Өткен жылдың қыркүйек айында басталған құрылыс қарқыны қыста да баяулаған емес. Бұйырса, биылғы жаңа оқу жылы қарсаңында пайдаланылуға берілмек. Облыс әкімі бұл нысанды да аралап көріп, құрылысшыларға табыс тіледі.

received_2010160892582595Сайқын ауылына осылайша аз-мұз аялдаған қонақтар одан кейін бірден «Жамантауды» бетке алды. Жолай шаруа қожалығын дөңгелентіп отырған сексенге аяқ артқан қадірменді қария Иран Дәуленовтың «Талап» қыстағына аялдап, оның шаруа жайымен танысты. «Жамантауда» өңір басшысын тиісті сала басшылары қарсы алып, біраз жайларға қанықты. Енді аталмыш жер асты байлығын кәдеге асыру бағытындағы жұмыстар дендеп қолға алынбақ. Егер бұл іс оң шешіліп жатса, жол құрылысын Сайқын ауылынан бастап кету де ойда бар.

Иә, мұндайда атам қазақ «көрінген таудың алыстығы жоқ» деуші еді ғой. Тақтайдай жолдың үстімен жүйткейтін күнде жетер.

Каримолла ҒАЙСИН
Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале