2.02.2018, 11:39
Оқылды: 23

Облыс әкімі Қазталов ауданында

Облыс әкімі Алтай Көлгінов іссапармен Қазталов ауданына барды. Облыс әкімінің ауданға сапары өткен жылы Қазталов ауылында пайдалануға берілген 100 орындық интернаттың жағдайымен танысудан басталды, деп хабарлады аудандағы филиалымыздың тілшісі Гаухар Әділжан.

Интернаттың құрылыс жұмысын Сәби Бекқалиев жетекшілік ететін «Сәтті Сәулет» ЖШС жүргізген болатын. 286 млн. теңгеге салынған бұл ғимаратта қазір шалғай ауылдан келген балалар оқуда. Интернат заманауи жабдықталған. Оқушыларға барлық жағдай жасалған. Интернатта білім алып жатқан оқушылардың тұрмыс жағдайларына өңір  басшысы оң баға берді.

Бұдан кейін облыс әкімі  аудандық мәдениет үйінің фойесінде қойылған оқушылардың жасалған   көрме жұмыстарымен танысты. Қазіргі күнде аудан мектептерінде оқушылар ғылыми-техникалық шығармашылық жұмыстармен айналысса, биылғы жылы 10 мектепте  робототехникадан үйірмелер жүргізілуде. Сонымен қатар қолөнер бұйымдарын жасаумен де айналысып келеді.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале