6.02.2019, 10:54
Оқылды: 23

Облыс әкімі Тасқалада

Облыс әкімі А.Көлгінов іссапармен Тасқала ауданына келіп, аудан басшысы А.Халеловтың халық алдында есеп беру кездесуіне қатысуда.

tasqala (10)

         Аудандық мәдени-демалыс орталығында өңір басшысына аудан бойынша іске асырылатын инвестициялық жобалар таныстырылды. Атап айтқанда, Тасқала ауылындағы үш қабатты 18 пәтерлі тұрғын үй мен Тасқала, Ақтау ауылдарындағы су қорғау бөгетін қайта құру жобасы көрсетілді.

Сондай-ақ, жалпы құны 280,901 млн.теңге болатын Тасқала ауылының оңтүстік-батыс бөлігіндегі 66 учаскеге арналған тұрғын үй массивінің сумен жабдықтау және автомобиль жолдарының құрылысы таныстырылды. Ал ауылдың солтүстік-шығыс бөлігіндегі 106 учаскеге аталмыш жұмысты жүргізуге 329,007 млн.теңге жұмсалса, оны электр және газбен жабдықтауға 59,914 млн.теңге бөлінген.

Өңір басшысы ауданның 85 жылдық мерейтойы қарсаңында ашылған «Рухани жаңғыру» залында болып, аудан тарихымен танысып шықты.

DSC_0019

 

Назгүл Серікқызы,

суретті түсірген Темірболат Тоқмамбетов

Тасқала ауданы

© zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале