20.04.2019, 12:27
Оқылды: 29

Облыс әкімі Тасқаладағы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында  салынып жатқан тұрғын үйдің жұмысымен танысты

Бүгін облыс әкімі Алтай Көлгінов Тасқала ауданында болып, бірнеше нысандарды аралады.

DSC_0016

Алдымен Жеңіс көшесінде «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы  салынып жатқан көп пәтерлі тұрғын үйдің жұмысымен танысты. Айта кету керек, 72 пәтерлі үш қабатты екі үйдің жұмысы былтыр көшпелі әдіспен басталды. Оған  бөлінген 829 млн. теңге қаражаттың 80 пайызы республикалық, 20 пайызы жергілікті бюджеттен.

DSC_0003

Құрылыс жұмысы биыл  қазан айында аяқталады деп жоспарланып отыр.

Тасқала аудандық құрылыс, сәулет қала құрылысының басшысы Б.Губаевтың айтуынша, аталмыш жұмысқа аудан орталығынан 20 адам тартылған. Жұмыс толықтай аяқталғаннан кейін үй  кезекте тұрғандарға беріледі. Бұдан басқа аудан орталығынан тағы да үш қабатты 18 пәтерлі 1 үйдің және 1 пәтерлі үш бөлмелі 15 үйдің жобалық құжаттамасы дайын. Болашақта аудан орталығында тағы да жаңа үй бой көтеретін болады.

DSC_0022

Құрылысты аралап көрген  өңір басшысы жұмысқа оң бағасын берді.

Н.Жәрдемова,

Тасқала ауданы

сурет: Әсем Серікқали

zhaikpress.kz

DSC_0008

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале