21.07.2017, 21:40
Оқылды: 56

Облыс әкімі жұмыс сапарымен Зеленов ауданында болды (ФОТО)

зеленов Аким 01   Бүгін облыс әкімі Алтай Көлгінов жұмыс сапарымен Зеленов ауданында болды.

   Жұмыс сапары барысында өңір басшысы Махамбет ауылдық округіне қарасты "Алтын болашақ" шаруа қожалығының жылыжай кешені, "Шунайбеков" шаруа қожалығының мал азығын дайындау жұмыстарымен танысты.


  Еркін Насыров жетекшілік ететін "Алтын Болашақ" шаруа қожалығы негізінен көкөніс шаруашылығымен айналысады. Қожалық бүгінде 10 мың шаршы метр жерге жылыжай салып, жыл бойына халық тұтынатын көкөніс түрлерін өсіріп, өңір тұрғындарын сапалы өніммен қамтып отыр. Жылыжайға ерте көктемде отырғызылған көкөніс түрлерінен мол өнім жиналған. Шаруалар бүгінде жылыжайларға көкөністі қайта егуге қамдануда. Қожалық жұмысымен танысқан өңір басшысы шаруашылық жетекшілеріне қол жеткізген жетістіктермен тоқтап қалмауды тапсырып, керек кезінде жергілікті билік тарапынан көмек болатындығын айтты.

зеленов Аким 04

Мың басқа жуық асыл тұқымды мал өсірумен айналысатын "Шунайбеков" шаруа қожалығында да мал азығын жинау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қожалық соңғы жылдары сапалы мал азығы дақылдарын егуді де қолға алған. Шаруашылық жетекшісі Сергей Шунайбековтың айтуынша бұл дақылдар мал үшін дәруменге толы азық болып табылады. Сонымен қатар ауыспалы егістіктің құнарлылығын арттыруға зор септігін тигізеді.

 

зеленов Аким 05

 Бұдан соң өңір басшысы Краснов ауылдық округіне қарасты "Асан-Ауыл" ЖШС-нің егіс алқаптарын аралады. Шаруалар бүгінгі күннен бастап күздік бидай алқабына орақ салған. Серіктестік жетекшісі Бейбіт Асановтың мәлімдеуінше бастапқы өнімде көңіл қуантарлықтай. Басқа да дақылдардың көктеуімен, жақсы өсуі мол өнім алуға үміттендіреді. Егіс алқаптарын аралаған облыс әкімі шаруаларға сәттілік тілеп, өнімді шашау шығармай уақытылы жинау керектігін айтты.

зеленов Аким 07

Нұрбек Уразаев

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале