30.05.2019, 17:15
Оқылды: 19

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Ақжайық ауданында

 Бүгін облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғали Есқалиев Ақжайық ауданы Тайпаққа келіп, еңбек ұжымдарымен, тұрғындармен кездесті.

gali esqaliev (4)

         Ол аудан әкімі Қалияр Айтмұхамбетовпен бірге алдымен шаруа қожалықтары жетекшілерімен кездесті. «Нығмет», «Батыс бордақылау», «Мұқадес», «Батыргерей», «Арай» және Ақжол мен Ақсуат ауылдық округтеріндегі қожалық иелерімен болған әңгімеде мал шаруашылығы жөнінде кеңінен айтылды. Су арналарына суды уақтылы жіберу, көлтабандарды нәрмен толтыру мәселелері қозғалды.

         Ауылдық округ әкімдері, еңбек ардагерлері, ұйымдар жетекшілері, кәсіпкерлер, жастар қатысуымен өткен Тайпақтағы жүздесуді аудан әкімі Қалияр Айтмұхамбетов ашып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде, алда тұрған межелі міндеттер туралы хабарлама жасады.

         Осында Ғали Есқалиев сөз сөйледі.

         - Тайпақ ауылына келудегі басты мақсат тұрғындардың ортақ тірлік орайындағы пікір, пайымдарына құлақ түріп, ұсыныстарын тыңдау. Ақжайық ауданы облысымыздағы үлкен де іргелі аудан. Мал шаруашылығы жөнінен Ақжайық дамып, үнемі алда келеді. Осындай істі өркендетуге баршамыз мүдделіміз,-деді облыс әкімінің бірінші орынбасары.

Бекболат Қаленов,

Ақжайық ауданы

суретті түсірген автор

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале