25.04.2018, 20:38
Оқылды: 58

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Қазталовта болды

IMG_7427Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Игорь Стексов Қазталов ауданына жұмыс сапарымен келді.

Игорь Валерьевич ауданымыздың Талдыапан, Жалпақтал, Ақпәтер ауылдық округтерін аралағаннан кейін ат басын аудан орталығы Қазталов ауылына бұрды.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары аудан орталығындағы аудандық ветеринария станциясында болып, мал мамандарының жұмысымен танысты. Әсіресе, облыстан келген басшыға дезинфекциялық құрылғы орнатылған автокөлікті көрсеткен аудан әкімінің орынбасары Нұретдин Құтхожин, бұл автокөліктің дала өрттерін сөндіруге тиімді қолдануға болатындығы туралы айтып өтті.

Сонымен қатар жаз айларында болатын дала өртіне қарсы осындай автокөліктерді көбейту немесе арнайы жасақтау туралы да ұсынысын білдірді.

Бұдан кейін облыс әкімінің бірінші орынбасары Тереңкөл ауылдық округіндегі «Кеңдала» шаруа қожалығына соғып, ауданымыздағы іргелі шаруашылықтың тыныс-тіршілігімен танысты.

Шаруашылықтағы бүгінгі заманға сай салынған үй-жайларын және ауыл шаруашылық техникаларын көріп, шаруа қожалығының жетекшісімен ашық-жарқын әңгімелескен Игорь Стексов шаруашылығын дамытып жатқан Абуғали Ғұмаровқа өз ризашылығын білдірді.

Қайрат ЖАҚЫП,

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале