29.05.2019, 12:34
Оқылды: 22

Облыс әкімінің орынбасары Бәйтерек ауданы тұрғындарымен жүздесті

Облыс әкімінің орынбасары Бағдат Азбаев аудан тұрғындарымен жүздесті.

 IMG_2055

Переметный, Шалғай, Железнов, Зеленый, Янайкин, Көшім, Үлкен Шаған, Щапов ауылдарын аралаған жұмыс тобының құрамында БҚО энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Рүстем Закарин, БҚО құрылыс басқармасының басшысы Алтынбек Қайсағалиев, БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Медет Шакаев, БҚО жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Жұматай Ашықбаев, БҚО Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Денис Умашев, БҚО Кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы Мейрам Қабдығалиев бар.

Облыстан келген жұмыс тобы сапарын аудан әкімінің орынбасары Ернар Бекетов бастап жүрді.

IMG_2057

Жергілікті жұртшылықпен емен-жарқын пікірлесіп, толғандырған мәселелер талқыланған кездесуде ауыл тұрғындары ауыз су, жол, көше жарығы, жоғары жылдамдықтағы ғаламтор, электр желілері мен бағандарын жаңарту, әлеуметтік нысандарды күрделі жөндеуден өткізу тағы басқа мәселені көтеріп, сауалдарын жолдады.

Тұрғындармен кездесу барысында ауылдарды абаттандыру, инфрақұрылымды жетілдіру, әлеуметтік нысандар мен жол жөндеу жұмыстары жоспарлы түрде іске асырылатындығын жеткізген Бағдат Оразалдыұлы аудан бойынша қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысқан тұлғаларға облыс әкімі атынан алғыс хат табыстады.

IMG_2072

Ертай Бимұханов,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале