1.10.2018, 16:48
Оқылды: 54

Облыс әкімінің орынбасары Бөрлі ауданындағы бизнес өкілдерімен кездесті

Бөрлі ауданына облыс әкімінің орынбасары Миржан Сатқанов бастаған жұмыс тобы іссапармен келіп,  шағын жән орта бизнес өкілдерімен кездесті.

IMG_8419

«Индустриалдық-инновациялық даму» тақырыбында өткен жиынға жұмыспен қамту бөлімінің басшылары, кәсіпкерлер палатасының бөрлі ауданындағы филиалының өкілдері, шағын несие ұйымдарының басшылары, кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының басшылары қатысты.

Өндірісті-аграрлы аудан саналатын Бөрлі жерінде кәсіпкерлік жыл санап өркен жайып келеді. Мәселен осы жылдың тоғыз айында ауданында орта және шағын кәсіпкерліктің 4747 субъектісі тіркелген.

            «Біз жыл сайын жұмыс тобымен аудандарды аралаймыз. Бұл жолы сапарымызды Бөрлі ауданынан бастауды жөн көрдік. Жиынға «Даму» мен «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау» қорының басшылары келіп отыр. Олар шағын және орта бизнеске тиісті қаражат беретін орындар. Жалпы облысымыздағы кәсіпкерліктің дамуы жөнінде сөз қозғаймыз» - деген  Миржан Мұңайдарұлы кәсіпкерлердің сұрақтарына жауап беріп, ұсыныс-тілектерін тыңдады.

Жиында ауыл кәсіпкерлерінің жағдайы кеңінен сөз болды. Кәсіпкерлер жеке қожалық ретінде тіркелмеген тұрғындарды ешкім тексермейтіндігін айтты. Олар мемлекетке салық төлемей, жабайы саудамен айналысатын тұрғындардың көбейіп кеткендігіне қапалы.

Әкімшілік кедергілер мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мақсатында өткен басқосу біраз мәселенің бетін ашты. Ең бастысы кәсіпкерлер мен мемлекеттік және құқық қорғау органдары, даму институттарының өкілдерінің арасында диалог орнап, маңызы зор ақпарат берілді.

Айым НҰРҒАЛИЕВА,

Бөрлі ауданы

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале