10.09.2018, 12:29
Оқылды: 70

Облыс әкімінің орынбасары Қазталовта

Облыс әкімінің орынбасары Бибігүл Қонысбаева жұмыс сапарымен Қазталов ауданы Жалпақтал ауылына келді.

qaztalov qonysbaeva (1)

 Жалпақтал ауруханасын аралап, ұжым және емделушілермен, Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжінің студенттерімен әңгімелесіп, колледж жатақханасын көрді. Мұнан кейін округ әкімдерімен кездесті.

Кездесуде бейресми жұмыспен қамтылған халықты заңдастыру және ел экономикасына тиісінше міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тарту жөніндегі 2018-2019 жылдарға арналған жол картасының ауданда орындалуы сөз болды.

Кездесуде сөз алған аудан әкімі Абат Шыныбеков:

-Ауданымызда жұмыссыздық деңгейін төмендету үшін халықты нәтижелі жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында 2018 жылға арналған кешенді жоспар бекітілді. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламаны орындау үшін 1971 адамды қамту жыл басында жоспарланған болатын. Күні бүгінге дейін 297 адам қамтылды. Өзін-өзі қамтушылар жыл басында 3288 адам болса, қазір 1249 адам. Ал тіркелмегендер жыл басында 657 болса, күні бүгінге 311 адам қалып 53,9 пайызға орындалды. Бос жұмыс орындарына 422 адам жолданса, соның 315-і тұрақты жұмысқа орналасты,-деді аудан әкімі.

Бибігүл Тишанқызы аудан бойынша азаматтардың мәртебесін анықтау, зейнеткерлікпен қамтамасыз ету, әлеуметтік және медициналық сақтандыру жүйелеріне өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды қатыстыру, салық төлеу және кірісті есепке алу, еңбек қатынастарын реттеу сынды мәселелері турасында тапсырма беріп, осы жұмыстарды атқаруда кездесетін қиындықтарға тоқталды.

Тұрарбек АҚМУРЗИН,

Қазталов ауданы

qaztalov qonysbaeva (3) qaztalov qonysbaeva (5) qaztalov qonysbaeva (6)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале