12.10.2020, 21:36
Оқылды: 68

Облыс әкімінің орынбасары С.Егізбаев Ақжайық және Бөкей ордасы аудандарында болды

Облыс әкімінің орынбасары Серік Егізбаев және облыстық мәслихат хатшысы Мәлік Құлшар іссапармен Ақжайық және Бөкей ордасы аудандарына барып, қос ауданның тыныс-тіршілігімен танысты.

41A32A00-2DBC-477B-A4E0-CA0C0E403613

Алдымен Ақжайық ауданына аялдап, Жұбан орталығының жұмысымен танысты.

Орталық руханият залы, мұражай және кітапханадан тұрады. Мұражайда Жұбан ақынның суреттері, өзі қолданған кітаптар қоры, естелік фотоальбомы мен «Еділ мен Жайық» картинасы орналасқан. Кітапханада QR-код арқылы ақынның кітаптарының электронды нұсқасын алуға болады. Сонымен қатар орталықта жас ақындар шығармашылығын шыңдаумен айналысатын орын да көзделген. Облыс әкімінің орынбасары Жұбан орталығының жұмысына дән риза болып, орталық қызметкерлерінің жұмысына сәттілік тіледі.

FDFC94CA-7828-425C-A8C6-631D2A3848D3

Содан соң облыс әкімінің орынбасары Серік Егізбаев пен облыстық мәслихат хатшысы Мәлік Құлшар бастаған топ Бөкей ордасы ауданында болып, ең алдымен, М.Мәметованың ескерткіші мен «Күйшілер аллеясы» саябағына барды. Биыл ғана орнатылған «Қаһарман аудан» белгісімен танысты. Сондай-ақ,дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне, М.Мәметова атындағы жалпы орта білім беретін мектепке арнайы барып, құрылыс және жөндеу жұмыстарының барысын тексерді.

AF5B0244-E781-40C2-947B-075F8364DEC9

Айта кетсек, М.Маметова атындағы ЖОББМ құрылыс жұмыстарын «Энергия» ЖШС жүзеге асыруда. «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында ауданның бес тұрғыны жұмыспен қамтылған. Облыс әкімінің орынбасары бұл жерде құрылыс жұмыстарының қарқынын ширатуды тапсырды.

Ал Сайқын ауылында салынып жатқан 160 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын «Қарашығанақ б.в» компаниясының тапсырысы бойынша «Наурыз» ЖШС жүзеге асыруда. Құрылыс жумыстары келесі жылы қаңтар айында аяқталмақ.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале