8-707-808-48-55
10.10.2018, 17:58
Оқылды: 41
Облыс әкімінің орынбасары Сырымда

Сырым ауданына іссапармен облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов келді.

IMG_0170

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасына орай Ғ.Оспанқұлов халықтың зиярат ететін орны, ел арасында Дәден ата аталып кеткен Жұмағазы қазіреттің кесенесіне барып, ұрпағы Ғарифолла Жанбозовпен кездесті. Халық жиі келетін бұл жер облыстың қасиетті орындарының қатарында. Облыс әкімінің орынбасары  қасиетті орынды  рухани, тәрбиелік, туристік, әрі халық арасында туындаған дау-жанжалды бітістіретін медиациялық орталыққа айналдыру жөнінде тапсырма берді.

Одан кейін облыс әкімінің орынбасары күрделі жөндеуден өткізілген соң, әлеуметтік орталыққа айналатын Алашорда көшесіндегі ғимаратпен танысты. Сырым Датұлы атындағы музей, «Рухани жаңғыру» орталығы, коворкинг орталығы, ардагерлер кеңесі шоғырланатын кеңсеге қатысты    Ғ.Оспанқұлов оң көзқарас білдірді. Қарасу мөлтекауданында жаңадан ашылған спорт алаңымен, Қ.Мырзалиев атындағы мектептегі ІТ сыныппен, компьютерлік класпен танысты. Елбасының «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының аса маңыздылығын атап, мектепте интернет желісінің жылдамдығын күшейту жөнінде тапсырма берді.

Ғабидолла Абдоллаұлы аудандық мәдениет үйінде ауылдық округтердің «Рухани жаңғыру» бағдарламасымен атқарылған және атқарылатын шараларымен, М.Есламғалиев атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің жұмысымен танысты.

Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан активінің жиыны өтті. Жиында Сырым ауданы әкімі Төлеген Төреғалиев Елбасының  «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты  Жолдауын талқылау және іске асыру жөніндегі шараларды атап, ауданның әлеуметтік ахуалы туралы баяндама жасады. Аудан басшысының сөзінен соң, Талдыбұлақ  мектебінің директоры А.Қуанышева, мемлекеттік қызмет саласының ардагері С.Бисенбиев, «Жібек жолы» ШҚ жетекшісі, облыстық мәслихат депутаты Ғ.Нұрмұханов аудандық орталық аурухананың хирург дәрігері  Қ.Бисенғалиев Жолдауды қолдайтындықтарын білдірді.

Актив жиынын облыс әкімінің орынбасары Ғ.Оспанқұлов қорытындылады.

Ғабидолла Абдоллаұлы Сырым ауданына келген сапарының мақсаты Елбасының  «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын жүзеге асыруда ұсыныс-пікірлерді біліп, өңірдің дамуы үшін ауданда шешілмей тұрған қандай мәселе барын анықтау екенін айтты. «Есептік кездесулерде айтылған халықтың ұсыныс-пікірлеріне Елбасының Жолдауынан жауапты таба аламыз», -деді.

Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында Ғабидолла Оспанқұлов аудандағы әлеуметтік сала басшыларымен  кездесті. Жиынға  облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Н.Даумов, дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ә.Аманбаева, мәдениет басқармасының басшысы Қ.Мұсағалиева, жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы А.Сакошев, білім басқармасы басшысының орынбасары З.Гумарова қатысты.   Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Д.Тайшиев, аудандық білім беру бөлімінің басшысы З.Ерғазиева, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің  басшысы С.Нұрпейісов өз салалары бойынша жұмыстарын баяндады  Ғ.Оспанқұлов интернет жылдамдығы нашар болуына байланысты Сырым аудандық телекоммунация торабының басшысы А.Жұмаға қараша айына дейін олқылықтың орнын толтырып, жылдамдықты күшейтуді тапсырды.

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

IMG_0060 IMG_0106 IMG_0280

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар Басқа да жаңалықтар
Пікір қалдыру