19.05.2017, 20:26
Оқылды: 23

Облыс басшысы - Бөрлі ауданында

Screenshot_2017-05-20-07-49-06-1Өңір басшысы А. Көлгінов Бөрлі ауданындағы жұмыс сапарын "Нұр" шаруа қожалығының тыныс-тіршілігімен танысудан бастады.


Светлана Маутеева жетекшілік ететін бұл шаруашылық бүгінде кең қанат жайып келеді. Құрылғанына он жылдан астам уақыт өткен шаруашылық ірі қара мал басын көбейтіп, құс өсіріп, көкөніс дақылдарын да егіп отыр. Кондитерлік өнім өндіріп келеді. Аудандағы дүкен сөрелерінен кәсіпкер ананың кәсібінің жемісі ретінде ет-сүт өнімдерінің түр-түрін, тәтті-дәмді тағамдарын көруге болады. Қазіргі күнде ол елуден астам адамды жұмыспен қамтып отыр.

Өңір басшысы шаруашылық басындағы құс фермасында, жылыжай мен диірменде болып, қожалықтың өзге де барлық жұмысымен танысты. Осы жерде жиналған шаруа қожалықтарының басшыларымен кездесті.

Screenshot_2017-05-20-07-49-18-1Бұдан соң Қаракемер жеріндегі қалпына келтірілген бөгеттің жай-жапсарын көріп өтті. Содан кейін Ақсай қаласындағы "Наурыз" саябағымен танысып, мұнда ақсақалдармен, қала тұрғындарымен жүздесті.

Алтай Сейдірұлы бұдан соң Ақсай қаласындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің, "Қарашығанақ-1" және Аралтал шағынауданында салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысымен, Бөрлі ауылындағы "Ақбұлақ" бағдарламасы бойынша су құбырын қайта жөндеу жұмыстарымен танысты.

Бұдан кейін өңір басшысы Ақсай қаласындагы Березов, Бестау ауылынын тұрғындарына арнап салынып жатқан тұрғын үйлердің жəне 300 орындық мектептің құрылысымен танысты.

Ясипа Рабаева

Гүлжамал Жолдығалиқызы

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале