29.05.2017, 14:48
Оқылды: 44

Облыс біріншілігінде жаңақалалықтар топ жарды

Ақжайық ауданының орталығы – Чапаевта тоғызқұмалақтан ерлер мен әйелдер командалары арасында Батыс Қазақстан облысының чемпионаты өтті.


Біріншілік қорытындысында ерлер арасында Бауыржан Ахметқалиев (Орал) пен Қайрат Шаутенов (Жаңақала), қыздар арасында Інжу Қайыржанова мен Камила Ғафарова жеңімпаз деп танылды. Ал командалық есепте жаңақалалықтар топ жарды. ІІ орынды №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, ІІІ орынды ақжайықтықтар еншіледі.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале