19.04.2017, 16:54
Оқылды: 32

ОБЛЫС ЧЕМПИОНДАРЫНА ҚҰРМЕТ

Қазталов ауданы Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Самиғолла Ақмурзин облыс чемпиондары Айшабибі Мұрадымова, Айдана Қасенқызы, Абай Елеусіновты және палуандардың жаттықтырушысы Ғаділбек Сатыбалдиевті қабылдап, құрмет көрсетті.


Қызылорда қаласында өткен дзюдо күресінен республикалық турнирде қыздар арасында өз салмақ дәрежесінде Элеонора Анарбек І орын алса, Айшабибі Мұрадымова мен Айдана Қасенқызы ІІІ орын алған болатын.

Күні кеше Қаратөбе ауданында өткен дзюдо күресінен 2002-2004 жылы туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы Батыс Қазақстан облысының чемпионатында Айшабибі мен Айдана облыс чемпионы атанса, Абай Елеусінов ІІІ орын алып, ауылға оралған болатын.

Оқушыларға ақжарма тілегін айтқан округ әкімі болашақта әлемдік додаларда өнер көрсетіп, еліміздің көк туын желбіретер палуан болыңдар деген лебізін айтып, палуандардың жаттықтырушысы Ғаділбек Сатыбалдиевті, оқушыларды алғыс хатпен марапаттады.

Бұдан кейін аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ғалия Ахметова, аудандық спорт мектебінің директоры Айбар Мұғалбаев оқушыларға игі тілегін білдірді.

-Қазіргі күні қыздарымыз маусым айында Қарағанды қаласында өтетін кіші жасөспірімдер арасындағы республикалық чемпионатқа жолдама алып, дайындық үстінде, - дейді аудандық спорт мектебінің басшысы Айбар Мұғалбаев.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИ

Жалпақтал ауылы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале