10.03.2017, 12:11
Оқылды: 61

Облыста алдыңғы орында

????????????????????????????????????

  Ақжайық ауданында алғаш рет 2015 жылы тұрғындардың ауласындағы ірі қара тұқымдық түрлендіруге тартылып, ауылдық 14 кооператив құрылып, бұлар 2184 бас аналық сатып алу үшін 50 млн. теңге демеуқаржыға қол жеткізді. Қазақтың ақбасының 76 бас аталығын сатып алды.


Ал былтыр кооперативтер саны 21-ге, бұлардағы аналық басы 3265-ке жетті, алынған жәрдемақша 59 млн. теңгені құрады. Соған сай аталық та көбейе түсті. Осы нәтижелер ауданды кооперативтер жұмысы жөнінде облыс бойынша алдыңғы орындарға  шығарды.

   Ветеринарлық шараларды бірізділікпен жүргізу, қысқы жемшөп қорын бірігіп қамдау, басқа да толып жатқан қам-қарекетке байланысты бір ұйымға топтасудың пайдасын айтып жату артық. Бірлескен, ұғынысқан іс-қимыл бар жерден қорқау-құзғындар аяғын тартып жүретіні мәлім. Яғни, мал ұрлығының жолы да кесіледі.

   Қыс басынан бері ауданның барлық ауылында жүргізілген түсінік шаралары тағы 20 кооператив құру жөнінде істің өрістеуіне мүмкіндік әкелді. Малдың бір жерден бағылуы, әр басқа 10 мың теңге, алынған бұзау үшін 6-8 мың теңге жәрдемақшаның келуі - мемлекеттің ауылға қамқорлығының бір жарқын көрінісі.

  Бұған «Береке» бағдарламасы бойынша Чапаевта құрылған, тәжірибелі мал маманы Мадияр Әжігереевтің төрағалығымен жұмыс жасап жатқан «Ақжайық-АШК» кооперативінің аяқ алысынан көз жеткізуге болады. Ірі қара бордақылаумен айналысатын кооператив мүшелері кешеге дейін 20-ға жетіп, 9 айдан 24 айға дейінгі малды сатып алып, семірту үшін алынған несие 71 млн. теңгені құрап отыр.

Бекем БЕКҰЛЫ

 Ақжайық ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале