5.11.2018, 16:03
Оқылды: 68

Облыстық әдіскерлер клубы Зеленовта семинар ұйымдастырды

Зеленов ауданы Дариян ауылында облыстық халық шығармашылығы орталығының қолдауымен, Зеленов аудандық мәдени-демалыс орталығының ұйымдастыруымен облыстық әдіскерлер клубының «Мәдени үдеріс креативі – жарнама Бриф» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.

43895-6-mezhdunarodnyi_seminar_ru

Шараға Сырым, Ақжайық, Қаратөбе, Теректі, Жаңақала, Жәнібек, Бөкей ордасы, Бөрлі, Казталов, Шыңғырлау аудандарынан және облыстық халық шығармашылығы орталығы мен қалалық мәдени-ағарту орталығының әдіскерлері қатысты.

 Мәдениет үйінің үлкен залына жиналған әдіскерлерге аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Р.Ықыласов барлығына сәттілік тілесе, облыстық халық шығармашылығы орталығының мәдени-демалыс бөлімінің әдіскері Б.Дәулетқалиева баяндама жасап, әдіскерелер клубының өткізіліп жатқан жұмыстары жайына тоқталды.

         Сахна төріне көтерілген аудандық мәдени-демалыс орталығы бөлімінің әдіскері А.Намазова мәдени шаралар ісіндегі жаңашылдық, қол жеткізген табыстар мен жетістіктерге талдау жасап, ой-талқыға кезек берді.

         Аудандардан келген әдіскерлер түрлі тақырыптарда мерекелерік шараларға байланысты шығармашылық жұмыстарын қорғап, бейнетаспаларын ұсынды.

         Осылайша құнды пікірлер айтылған семинар жұмысы Январцев ауылдық округіне қарасты Красноармейский ауылдық клубында жалғасын тапты.

Шара соңында сөз алған аудандық мәдени-демалыс орталығының басшысы А.Ишанов барлық қатысушыларға алғыс білдірді.

Гүлжан АЯЗБАЕВА,

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале