14.04.2017, 17:19
Оқылды: 18

Облыстық фестивалге жолдама алды

Жәнібек ауданында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Егемен елім - кең байтақ жерім» атты аудандық «Балдәурен» балалар фестивалі өтті. Фестивалға аудандағы барлық мектептерден 100-ге тарта өнерпаз қатысты.

Сайыс нәтижесінде эстрадалық вокал, хореография, поэзия, қолөнер аталымдары бойынша сәйкесінше аудан орталығындағы №1 мектептен Жанерке Кәкім мен Анеля Досмұхамбетова, Ақоба ауылындағы Х.Халиуллин атындағы мектептен «Инабат» би тобы, Қамысты ауылындағы Е.Ниетқалиев атындағы мектептен Ақниет Садман, аудан орталығындағы Т.Жароков атындағы мектептен Мөлдір Бахтиярова мен Аяулым Хамзина бірінші орынды жеңіп алды.

Жеңімпаздар таяуда Орал қаласында өтетін облыстық «Балдәурен» фестиваліне қатысады.

Н.Өтей

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале