6.12.2018, 16:51
Оқылды: 98

Облыстық филармония әншілері Тасқалада өнер көрсетті

Тасқала аудандық мәдени демалыс орталығында өнер әлеміне өз іздерін салған ҚР-ның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Қатимолла Бердіғалиевтің шәкірттері (облыстық филармонияның әншілері) Күләш Қалдыбаева, Ернар Өмірәлі және қалалық саз мектебінің оқытушысы Бейбіт Қажығалиевтер тасқалалықтарға «Ұлы дала әуендері» атты кеш сыйлады.

anshiler (1)

Облыстық, республикалық, халықаралық байқауларда шашасына шаң жұқтырмай жүрген өнер майталмандарымен жүздесу сыр-сұхбат түрінде өрбіді. Өнер жолдары, жеңістің дәмін сезіндірген сәттен сырлы әңгіме тиегі ағытылып, әншілер сахна төрінде қазақтың киелі домбырасымен төкпелетті.

Қазақстанның халық әртісі Ғ.Құрманғалиевтің «Сәлем», ақын Д.Мұштанованың сөзіне жазылған «Дала рухы», халық әні «Асылжан», «Нарыннан жазылған хат», өзге де репертуарларында жиі айтылып жүрген әндер айтылды.

Ақжайық өңірінің келіні Күләш Қалдыбайқызының халық алдында аналар жолымен сәлем салуы да үлкенге-құрметтің белгісіндей жылы әсер қалдырды. Өнер жолындағы қиын да қызықты сәттерімен бөліскен өнерпаздарға «Ақтілеу» халықтық әжелер ансамблінің жетекшісі Майра Нұрмақова тілек айтса, Мерей ауылдық округінің әкімі Мэлс Нәріков те филармония әншілеріне ыстық ықыласын жеткізді.

anshiler (2)

Тұрсын ТЕК,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале