4.10.2017, 15:51
Оқылды: 30

Облыстық филармония әншілері Зеленовта өнер көрсетті

 

Зеленовтықтар Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония әншілерінің концертін тамашалады.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ұйымдастырылған кеште Ә.Қашаубаев және Ғ.Құрманғалиев атындағы дәстүрлі әндер байқауының лауреаты Серік Абдрахманов, ҚР еңбек сіңірген әртістері Жұмағаным Рахимова, Қанатқали Қожақов, республикалық конкурстардың лауреаттары Ақмарал Кемелханова, Ақмарал Ахметова, «Ерен еңбегі үшін» медалінің игерлері Жаңылсын Хасанова мен Марат Сарбөпеев құлақтың құрышын қандыра әннен шашу шашты.

Халық әні «Телқарадан» бастап, «Әдемі қыз», «Бұлбұл», «Орал таңы», «Ақ Жайық өлкем», «Шымыр», «Құмар термесі», «Случайный вечер»,  «Озарение» секілді әндер шырқалып, концерт «Сәлем, саған, туған ел» әнімен  түйінделді.

Кеш соңында мәдениет, спорт және дене шынықтыру, тілдерді тамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы Жәнібек Аманғалиев ұжымға ризалышылғын айтып, ықылас гүлі мен аудан әкімі Асхат Шахаров атынан хат табыстады.

 Д.БЕРІШ

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале