20.10.2017, 12:07
Оқылды: 21

Облыстық филармония әртістері Ақсайда болды

 

Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасын қолдау мақсатында Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның әртістері Ақсай қаласында концерт қойды.

Сахна шымылдығын "Той-думан"биімен ашқан "Назерке" халық биі ансамблінің (балетмейстрлері А. Әміржанқызы, М. Серікқызы) өнерін "Ерен еңбегі үшін" медалінің иегері Е. Өмірәлі, республикалық конкурстардың лауреаты Г. Калашникова, Е. Левина, А.Ахметова, Д. Құлбабаев сынды тағы да басқа күміс көмей әншілер жалғады. Ел мен жерді, ауыл-аймақты әнге қосқан әншілердің өнері тыңдарманның рухын асқақтатты десе болады.

Өйткені рухани жаңғыру өзің туған жерді дәріптеуден басталса керек. "Елбасының рухани жаңғыруға бастайтын бағдарламасы аясында еліміздің түкпір-түкпірінде мәдени шаралар өтіп жатыр. Облыстық Ғ.Құрманғалиев атындағы филармонияның  ұжымы да аудандар мен облыс орталығында көптеген үлкен концерттер беріп жатыр. Алдағы уақытта Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарына да концерттер қоймақпыз. Шығармашылық ұжымдағы кәсіби әнші, бишілердің өнерін тамашалаған жастарымыз өнерді, сол өнер арқылы туған жерді бағалуды үйреніп, рухани азық алады деп ойлаймын", - дейді филармония директорының шығармашылық жұмыстар бойынша орынбасары Байғали Жүсіпқалиев. Концерт соңында аудандық демалу орталығының директоры А.Рахметов өнер ұжымына ризашылығын білдіріп, шығармашылық табыс тіледі.

Ясипа РАБАЕВА,

 Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале