8.10.2018, 18:05
Оқылды: 46

Облыстық газет редакторы ауыл дәрігерлерімен кездесті

Бүгін облыстық «Приуралье» газетінің бас редакторы Роза Сыйықова Қазталов ауданының орталығындағы аурухананың дәрігерлерімен кездесті.

qaztalov (4)

 Роза Сыйықова алғашқы саны шыға бастағанына 101 жасқа толған басылымдағы дәуір талабына сай серпіліс, жаңа бастамалар жайында кеңінен баяндады.

Алдағы кезде газетте уақыт үніне байланысты жаңа айдарлар ашылады, қоғамдық тілшілермен қарым-қатыс одан әрі нығайтылады.

Бас редактор сондай-ақ әсіресе сыбайлас жемқорлықпен күрес, жат болмыстан сақтану, адастырмас ұлттық құндылықтарымыз басты тақырыптар болатынын әңгімеледі.

-Елбасы келер жылы жастар жылы деп жариялады. Күні бүгіннен бастап жастарды патриоттыққа тәрбиелеуіміз қажет. Жастарды ауылға, туған жеріне қызмет етуге шақыруымыз керек, - деген «Приуралье» газетінің бас редакторы Елбасының күні кеше жариялаған Жолдауына тоқталды. Кездесу соңында Роза Сыйықова дәрігерлердің ұсыныс пікірлерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИ,

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

qaztalov (1)

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале