4.04.2018, 10:43
Оқылды: 31

Өкіл имам Ақсай қаласында болды

Ақсай қаласына  ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Еркебұлан Қарақұлов жұмыс сапарымен келді.

Алдымен мәртебелі мейманды Бөрлі ауданының әкімі Алдияр Халелов қарсы алып, өңірде атқарылып жатқан шаруалармен таныстырды. Одан соң Еркебұлан Ыбырайымұлы Бөрлі аудандық мешітіне бас сұқты. Аудандық мешіттің бас имамы Мейрамбек Абдрахманов мешіттің хал жағдайымен, мешіт ұжымымен таныстырды. Мешітке жиналған жамағатқа  «Тілдің кесапаты» атты тақырыпта  уағыз айтып, елімізге берекет, тыныштық тілеп, жұма намазын жамағатпен бірге оқыды.

Еркебұлан Қарақұлов «Ақсай» техникалық колледжіндегі студенттермен де кездесті. «Рухы биік, мақсаты берік жастар» жайында ғибратты әңгіме айтып, жалынды жастардың көкейіндегі сауалдарына жауап берді.

Жастарға дұрсы тәрбие беру, жастардың бойында өте керек қасиеттерді қалыптастыру тек имамдардың емес, жалпы мемлекеттің алдында тұрған үлкен мақсат. Елбасымыз Н.Назарбаев халыққа жолдауы болсын, жастармен кездесуі болсын, үнемі келешектің тізгіні жастарымыздың қолында деп айтып отырады. Яғни жастар келешекте елдің тізгінін ұстайды.  Рухы биік, мақсаты берік жастар болып өссек, елдің тізгінін қолға алған кезде, ел үшін, халық үшін еңбекті аянбай жасайсыздар. Біз алдымен ұлттық құндылығымыз бен, тегімізді ұмытпауымыз керек. Рухани құндылықтарды ұлықтауымыз керек,- деді Еркебұлан Қарақұлов.

Студенттермен кездесуден соң облыс имамы Еркебұлан Ыбырайымұлы «Ақсай ҒМ» радиосының қонағы болып, артынша Бөрлі ауылдық мешітіне бас сұқты. Ауыл мешітінің имамы Қазыбек Сидалиев атқарып жатқан істеріне есеп беріп, қазіргі уақытта мешіттің ішкі құрылыстарына жөнделіп, Рамазан айына дайындалып жатқанын жеткізді.

Айым НҰРҒАЛИЕВА

Бөрлі ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале