16.03.2018, 11:58
Оқылды: 27

Өкіл имам Қаратөбе ауданында болды

Батыс Қазақстан облысы бойынша жаңадан тағайындалған өкіл имам Еркебұлан Қарақұлов жұмыс сапарымен Қаратөбе ауданында болып, ауыл тұрғындарымен кездесті.

Кездесуде сөз алған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Армат Самиғоллаұлы аудандағы діни ахуалдың тұрақты екенін баяндап, жаңадан тағайындалған өкіл имам Еркебұлан Ыбырайымұлы мен облыстық мешіттің найб имам Бақытжан Сабыралиевті жұртшылыққа таңыстырды.

«Бүгінгі таңда ұлттық салт-дәстүрімізді сақтау, теріс діни ағымдармен күрес аса маңызды болып отыр. Біз сіздермен бірлесе отырып, жастардың теріс діни ағым жетегінде кетпеуіне тосқауыл болуымыз қажет. Осы істер өңірде өз ретімен жүзеге асуда. Негізгі мақсат – ата-бабаларымыздың салтын сақтай отырып, асыл дінімізді насихаттау» - дейді БҚО бойынша өкіл имам Еркебұлан Ыбырайымұлы.

Кездесуден соң өкіл имам Еркебұлан Ыбырайымұлы мен облыстық мешіттің найб имамы Бақытжан Сабыралиев бесін намазы уақытында аудандық мешіт жамағатымен кездесті.

 Маралбек АМАНТАЕВ,

Қаратөбе ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале