6.12.2019, 17:51
Оқылды: 92

Округте өткен алқалы жиын

Тасқала ауданы әкімінің орынбасары Аян Халауедин бастаған атүстіндегі азаматтар Қазақстан ауылдық округінде болып, атқарылған жұмыстарымен танысты. Аталмыш топ құрамында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Л.Жұбанышқалиева мен кейбір бөлім басшылары барды.

tasqala atameken (1)

Алдымен осынау жұмыс тобы мекемелерді аралап көрді. Содан соң ауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратында тұрғындарымен кездесіп, атқарылған жұмыстарды саралады. Алғаш сөз алған ауыл әкімі Әлібек Өренұлы Қазақстан ауылдық округінде жүзеге асырылып жатқан игілікті істер аз еместігін тілге тиек етті. Әрі ол әр дүйсенбі күні ақсақалдар мен аналар кеңесінің басын қосып, алдағы атқарылатын жұмыстарды жоспарлап, олармен әрдайым кеңесіп отыратындығын айтты. Одан кейін сөз алған жұмыспен қамту орталығының басшысы Аэлита Абулхайрова 2020 жылдың бірінші қаңтарынан бастап көп балалы отбасыларға төленетін жәрдемақының  көбейетіндігін және табысы аз отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек берудің тәсілі өзгеретіндігін  жеткізді.

tasqala atameken (4)

Жиынды Аян Халауедин қортындылап, жерлестерін алда да бірлесе іс-әрекет етуге шақырды.

Болат Бек

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале