10.03.2017, 14:08
Оқылды: 27

Қаратөбеде шұғыл әрекет ету жасағының саптық байқауы өткізілді

DSC_0013  Қаратөбе ауылы аумағында аудандық шұғыл әрекет ету жасағының саптық байқауы өткізілді.

  Саптық байқауға аудандық шұғыл әрекет жасағының 13 техникасы мен 53 адам қатысты.

  Жасақтың дайындық жұмысымен аудан әкімінің орынбасары Рашит Иманғалиев, Қаратөбе аудандық ТЖБ бастығының міндетін атқарушы, азаматтық қорғау капитаны Нұрбол Нысанов танысты.


  - Оқу жаттығу жоспарына сай алдымен олардың дайындығы, төтенше жағдай орын алған кездегі іс-әрекеттері толық тексерістен өткізілді.

  Техникалардың сақадай-сайлығы, бұл саладағы мамандардың білім-біліктіліктері іс жүзіндегі жағдайға сәйкес әрекет етуі толық қадағаланды. Оқу жаттығу өз мақсатына жетті. Аудандық шұғыл әрекет жасағы алдағы көктем кезеңіндегі су тасқынына сақадай-сай дайын, - дейді Қаратөбе ауданының ТЖБ-нің аға инженері, азаматтық қорғау майоры Мэлс Ысқақов.

Тоты Асқарқызы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале