29.05.2017, 14:52
Оқылды: 18

Оқушылар тәртіп сақшыларының қызметімен танысты

Қаратөбе ауданы прокуратурасының прокуроры Райхан Маратқызы аудандық мектеп-гимназиясының оқушыларына аудандық ішкі істер бөлімінің ғимаратын аралатып, мекеме жұмысымен таныстырды.


Оқушылардың ғимаратқа саяхаты барысында аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері өздерінің қызмет орындарын, уақытша ұстау оқшаулағышы, кезекші бөлімнің жұмысы, қару-жарақ сақтау бөлмесі, тергеу және анықтау қызметімен бірге учаскелік полиция инспекторларының қызметі туралы ақпарат берді.

Одан соң ішкі істер органдарының қызметкерлерінің еңбегін дәріптеу, жас буынды патриоттыққа тәрбиелеу, ұрпақтар жалғастығын насихаттау мақсатында ішкі істер органдарының ардагерлері туралы мәлімет беретін құрмет тақтасы көрсетілді.

Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, жауаптар алды.

 Маралбек АМАНТАЕВ,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале