12.07.2017, 19:48
Оқылды: 16

Оқушыларға демеушілер қолдау көрсетті

ekspoБүгін Қаратөбе ауданынан «EXPO - 2017» халықаралық көрмесін  тамашалауға оқушылардың соңғы легі  аттанды.

Еуразия кіндігіндегі бас қала Астанаға бет алған оқушыларды Қаратөбе аудандық білім беру бөлімі және аудандық кәсіпкерлік бөлімінің қызметкерлері салтанатты түрде шығарып салды.

Көрмеге 21 оқушы, бір жетекші және мейірбике аттанды.

Аталмыш көрмені тамашалауға аттанған оқушыларға облыстық мәслихат депутаты, «Сатыбалды» шаруа қожалығының жетекшісі Құсайын Мұқанов, «Нығыметова» жеке кәсіпкерлігінің жетекшісі Ләззат Нығыметова, Шөптікөл мектеп-балабақшасының 2003 жылғы түлектері демеушілік жасады.

Маралбек АМАНТАЕВ,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале