18.05.2018, 15:38
Оқылды: 68

«Өлке тариxы – ұрпақ қазынасы» тарихи-өлкетану экспедициясы бастау алды

15 мамыр күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Өлке тариxы – ұрпақ қазынасы»  атты тарихи-өлкетану экспедициясы бастау алды.

Таң сәріден жолға шыққан экспедиция мүшелері Егіндікөл, Қоскөл Жусандыой ауылдық округтеріне табан тіреп, округтердегі  Аққұм, Құныскерей үңгірі, Егіндікөл ауылының іргесіндегі бұлақ, Мешіт қорымы, Қоске әулие, Қаратау би кесенесі сынды тарихы орындар мен қасиетті жерлерді аралап, қатпарлы тарихи таспен қаланып жатқан тарихы орындардың тылсым сырға толы тың деректерімен танысты.

Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен және аудандық мәдени-демалыс орталығының ұйымдастыруымен өткен экспедицияға аудандық М.Мерәлиев атындағы тарихи-өлкетану музейі, аудандық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығы, «Руxани жаңғыру» кеңсесі, аудан жастары, ауылдық округтің әкімдері, мұғалімдер мен оқушылар қатысты.

IMG_1922Экспедиция жұмысы сайын дала төсіндегі туған елдің сайы мен

қырқасы, тауы мен өзені сыр шертетін туған жердің тарихын жас ұрпаққа таныстыру, өскелең ұрпақтың бойына тарих біліміне құштарлық сезімін ояту арқылы елге сүйіспеншілігін арттыру, бойларына патриотизмді қалыптастыру мақсатын көздеді.

– Экспедиция жүріп өтетін әрбір ауылда өлке тарихын ұғына отырып, асыл мұрамыз тарихи орындарды келер ұрпаққа аманаттау, дәріптеу, жаңғыртудың бағытын саралау бағытында ұйымдастырылды.

Туған  өлкеңнің тарихын, ескерткіштерін тек біліп, сүйсініп

жүру жеткіліксіз, оларды сақтап, қорғап, насихаттау қажет. Өткеннен қалған зор тарихи-мәдени құндылықтарымыз жас ұрпақ тәрбиесінің қайнар көзіне айналуы тиіс, - дейді аудандық М.Мерәлиев атындағы тарихи-өлкетану музейінің меңгерушісі, экспедиция жетекшісі Нұрлан Меңдешов.

Экспедиция барысында экспедиция мүшелері ауыл тұрғындарымен дөңгелек үстелдер өткізіп, экспедицияның мақсат-міндетін түсіндіріп, туған жер тарихын дәріптеді.

Айта кететін жайт, тарихи-өлкетану экспедициясы үш жүзге ән оздырған Мұхит бабаның туған жерінде жалғасып, ауыл тұрғындарына арналған концертпен қорытындыланды.

Райымбек АБАЕВ,

Қаратөбе ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале