21.05.2018, 11:42
Оқылды: 26

«Өлке тариxы – ұрпақ қазынасы» тарихи-өлкетану экспедициясы жалғасын тапты

 

«Өлке тариxы – ұрпақ қазынасы» тарихи-өлкетану экспедициясы жалғасын тапты 17 мамыр күні Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында бастау алған «Өлке тариxы – ұрпақ қазынасы» атты тарихи-өлкетану экспедициясы жалғасын тапты.

Экспедицияның екінші күні құралған топ мүшелері Аққозы, Саралжын ауылдық округтерінде болды.

Сапарды Қоржын ауылынан бастаған топ мүшелері Ақтұлым мекеніндегі Құрманғазының ұстазы, қазақ күй өнерінде есімі ұмытылмас арыстардың бірі Ұзақ күйшіге тағзым етіп, бабаның рухына құран бағыштады.

DSC_0763«Өлке тариxы – ұрпақ қазынасы» атты тарихи-өлкетану экспедициясының басты мақсат-міндеттерін жұртшылыққа таныстырған аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің меңгерушісі Мербол Есендосов, аудандық М.Мерәлиев атындағы тарихи-өлкетану музейінің меңгерушісі, экспедиция жетекшісі Нұрлан Меңдешов экспедиция жұмысына сәттілік тілеп, бабаның өмір жолына тоқталды.

Одан соң Ұзақ бабамыздың ұрпағы Айжан Қазбаева сөз алып, бабалар мұрасын кейінгі ұрпаққа насихаттау, есімі келер ұрпаққа үлгі болатын не бір айтулы тариxи тұлғаларды қадыр тұту турасында ой өрбітті.

Одан кейін топ мүшелері Қарақамыс ауылына жол тартып, Ақбақай жеріндегі халық композиторы, әнші-ақын, күйші-домбырашы Мұхит Мерәліұлы, ақын, аудармашы Шәңгерей Бөкеев, Қызбике жеріндегі Боғда күйші, старшын Түркебай бабалардың кесене және зираттарына барып, бабалар рухына тағзым етіп, есімдері алты алашқа танымал Шәңгерей, Боғда, Түркебай бабалардың зираттарына кесене тұрғызу турасында ой қозғады.

Шара соңында экспедиция мүшелері Б.Қаратаев атындағы орта мектебі жанындағы «Қасиет» музейінің экспонаттармен танысып, ауыл жастары және мектеп оқушыларымен дөңгелек үстел өткізіп, экспедиция жұмысына тоқталды.

Райымбек АБАЕВ,

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале