17.04.2017, 14:12
Оқылды: 17

Олжас - Зеленов барысы

Зеленов ауданында ҚР Президентінің жүлдесіне арналған «Қазақстан барысы» турнирінің аудандық кезеңі өтті.

Қазақ күресінің мерейін асырған жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Амангелді Тоғызбаев, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұржан Дүзбатыровтар жарыс қатысушыларына сәттілік тіледі.

Ұлттық күресімізді әлемге таныту мақсатында жыл сайын оздырылып келе жатқан апайтөс палуандар жарысының алғашқы кезеңіне ауданның  11 ауылынан келген күрес шеберлері қатысты.

Боз кілемдегі тартысты белдесулердің нәтижесінде Бегайдар Меңдешев үшінші орын иеленсе, Чувашка ауылынан келген Серікқали Шудабаев екінші, переметныйлық Олжас Сүлейменов бас жүлде иеленді.

Енді Олжас палуан мамыр айында өтетін жарыстың облыстық кезеңінде аудан намысын қорғайтын болады.

 Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале