26.10.2020, 11:59
Оқылды: 100

Өмір сапасы артады

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жариялаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауы халықтың көңіліне жылу сыйлағаны сөзсіз.

 терект3 жолдау

Әлемдік пандемиядан құты қашып отырған  халық Президенттің «Мемлекет тарапынан әлеуметтік саладағы және экономиканы қолдауға бағытталған барлық міндеттемелер орын­далатын болады. Бұл мақсатқа Ұлттық қордан 1 триллион теңге бөлінуде. Әлеуметтік төлемдерді индексациялау жұмысы жалғасын табады. Осы бағытта 2023 жылға дейін шамамен 1 триллион теңгеден астам қаржы бөлу жоспарланып отыр» деген сөздерінен қолдаусыз қалмайтындарын ұқты.

Елдің ішіндегі әлеуметтік мәселелер, оның ішінде, денсаулық сақтау,білім беру салаларына ерекше тоқталған Жолдаудан түйгенім – бұл құжатта  бәрінен бұрын қарапайым азаматтардың мүддесі көзделген.

Ұлттық болмысымызды ұлықтайтын  мәдениет қызметкері, ана тілімізді ардақтайтын азамат ретінде мені Жолдаудың қазақ тілінің мәртебесін арттыру жолдары ерекеше қуантты. Еліміздің өркендеуі үшін, Отанымыздың болашағы баянды, келешегі кемелді болуы үшін тіл мәртебесін құрметтеуіміз қажет.

«Қазіргі міндет – халқымыздың жаңа болмысын қалыптастыру, тұтас ұлт сапасын арттыру» деп алдымызға атқарылар міндет қойған Президент Жолдауы – қазақстандықтардың  рухани дамуы бағытына мән берген, әлеуметтік жағдайы мен тұрмысын жақсартуға серпін берген  жоспар. Ендеше, өмір сапасын арттыруға жол көрсеткен Жолдауды іске асыру – баршамызға міндет.

 

Гүлмира Кощанова,

"Теректі аудандық Достық үйі" МКҚК директоры

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале