3.03.2018, 12:09
Оқылды: 26

Өнер фестивалі жалғасуда

Қаратөбе ауданында мекемеаралық өнер фестивалі жалғасын тапты.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының «Рухани қазына» кіші бағдарламасы аясында және мерейлі даталарға байланысты ұйымдастырылған концерт жоғары деңгейде өтті.

«Айналдым, сенен, туған жер!» атауымен өткен концертте аудандық орталық аурухана, аудандық ҚДСБ және ҰСО, аудандық әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту, аудандық жұмыспен қамту орталығы, аудандық әділет басқармасы, аудандық психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті мекемелерінің қызметкерлері өнер көрсетті.

Аталған өнер кешінде «Туған жер», «Қазақстаным», «Қоскөл кеші», «Астана», «Уақыт», «Сәйгүлік» әндері шырқалып, көрермендер көңілінен шықты.

Сазды кеште  аудандық орталық аурухананың дәрігері Мақсот Өтеғалиев «Жайықтың толқындары», «Қайықта» әндерін, «Ерке сылқым» күйін орындап, көрермен қошеметіне бөленді.

Мың бұралған бишілер хорезм, қазақ биін және флешмоб билеп берді.

Кеш барысында ақ жаулықты аналар қазақы дәстүрмен ақ дәм және бауырсақ ұсынып, ұлтымыздың дархан қасиетін танытты.

Әжелерден құралған топ халық әндерін орындаса, мекеме қызметкерлерінен құралған хор «Қазақстан», «Атамекен» әнімен кешті қорытындылады.

 Серікбай ХАСАНОВ,

Қаратөбе ауданы

DSC_0557

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале