26.05.2017, 17:44
Оқылды: 30

Өнер жұлдыздары Жәнібекте

 Janibekte oner jyldizdari   Қазақ эстрадасының бірнеше танымал әншілері Жәнібек ауданы орталығындағы алаңда концерт берді. Олардың қатарында Арман Дүйсенов, Жанар Айжанова, Абай Бегей, Асхат Тарғынов, «Шамшырақ» дуэті сияқты өнер жұлдыздары бар.


   Концертті асыға күткен жұртшылық әп-дегеннен әншілерді қошеметтеп, демеп отырды. Кеш барысында Арман Дүйсенов «Ақ Жайық», «Арман», Жанар Айжанова «Ағатайым», «Достарыма», «Шамшырақ» дуэті «Бақытым», «Шаттығым», «Жаным» секілді әндерді орындады. Абай Бегейдің «Аспанға қараймын», Асхат Тарғыновтың «Мария-Магдалена» атты хит әндерін көрермендер әншілермен бірге қосыла шырқап, кеш көрігін қыздырды. Концерт соңында композитор, продюсер әрі әнші Арман Дүйсенов мектеп бітіруші түлектерді мерекелерімен құттықтап, концерттің өтуіне қолдау білдірген аудан басшысы мен кешке жиналған барша жәнібектіктерге ризашылығын білдірді.

   Айта кететін жәйт, жерлесіміз, №1 мектептің 1982 жылғы түлегі Сұлтан Ниеталиев Жәнібек жерінде аталмыш концерттің оздырылуына септігін тигізген.

Д.ЗЕННАТ

Жәнібек ауданы 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале