11.12.2020, 11:08
Оқылды: 91

Өнерін өркендеткен ел бақытты

Музей – мәдени  мекеме, өткен тарих пен қазіргі тарихты, материалдық және рухани  байлықтарды жинақтап сақтайтын, жиналған құжаттармен жәдігерлерді зерделеп-зерттейтін, оны келешек ұрпаққа жеткізетін, өскелең ұрпаққа таным-тәрбие беретін орын.

Өнерін өркендеткен ел бақытты

Д.Нұрпейісова атындағы өнер музейінде  күйші, композитор Дәулеткерей Шығайұлының туғанына 200 жыл толуына орай «Күмбірлеген күміс күй» тақырыбында Қ.Жантілеуов атындағы балалар саз мектебінің ұстазы, домбыра сыныбының жоғары санатты оқытушысы Гүлбар Шуақбаевамен кездесу сағаты ұйымдастырылды.

Өз кезегінде сөз алған ұстаз Г.Тұрланқызы Дәулеткерей Шығайұлы туралы туралы көптеген мәлімет бере отырып, күйшінің «Көркем ханым», «Қос ішек» күйлерін орындап берді.

Күйші, композитор Дәулеткерей жастайынан Бөкей ордасындағы атақты күйші-домбырашылар Мүсірәлі, Арынғазы, Жантөре, Аранжаптың күйлерін үйренген.

Ол 1854 жылы Бөкей даласына келген орыс география қоғамының ғылыми экспедициясының құрамындағы суретші Р.Чередеевпен танысты. Дәулеткерей Орынбор, Мәскеу, Петербург қалаларында болып, мәдени мұралармен таныс болды. Ұлы композитор Құрманғазымен кездесуі күйшінің өмірінде елеулі із қалдырды. Дәулеткерейдің тұрмыстық жанрдағы, сондай-ақ «Желдірме», «Қосалқа», «Қыз Ақжелең», «Ақбала қыз», «Көркем ханым», «Қаражан ханым», «Құдаша», «Мұңды қыз», «Жұмабике» сияқты әйелдер образының галереясын жасады. Орыс музыкасының үлгісімен «Ващенко», «Қос ішек», «Қоңыр», «Топан», тағы басқа күйлерін шығарды.

Қазақ өнерімен мәдениетіне өлшеусіз үлес қосқан, күйшілік өнерде  қайталанбас тарихи тұлға,  дәулескер күйшілерімізді үлгі етіп, күйлерін тыңдай білуге тәрбиелеу – біздің мақсатымыз.  Өз халқының салт-дәстүріне, туған жеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу мақсатында өткізілген музей сағаты тыңдарманға өте әсерлі көңіл күй сыйлады.

 

Сымбат Талғатқызы,

Дина Нұрпейісова атындағы өнер музейінің меңгерушісі

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале