29.06.2018, 11:38
Оқылды: 42

Өңір басшысы Алтай Көлгінов Зеленов ауданындағы жаңа мектептің құрылысымен танысты

 

DSC_0023 - копияБүгін облыс әкімі Алтай Көлгінов жұмыс сапарымен Зеленов ауданына қарасты Дариян ауылында болды.

Өңір басшысы А.Көлгінов Дариян ауылында жаңадан ашылғалы отырған Дариян жалпы орта білім беретін қазақ мектебінің құрылысы жұмыстарымен танысып, ұлағат ұясы ішін аралап көрді.

Білім ордасы 300 орындық және де 100 балаға лайықталған интернат үйімен жабдықталған. Сынып бөлмелері жарық, соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Мердігерлік ұйым – «Рембытстрой» ЖШС (бас директоры Татьяна Мехно) жүргізген мектеп ғимаратының жалпы алаңы – 6766,4 шаршы метр, интернаттың жалпы аумағы 1991, 92 шаршы метрді құрайды.

Ағымдағы жылы жаңа оқу жылы қарсаңында есігін айқара ашқалы тұрған білім ордасының сапалылығына оң бағасын берген облыс әкімі Алтай Сейдірұлы таңданысын да жасырмады.

- Президенттің тапсырмасымен салынған 300 орындық мектеп пайдалануға берілгелі отыр. Бұл жұмыстарға 1 млрд. 100 млн. теңге қаржы бөлінді. Су жаңа мектептің алдында 100 орындық интернат та бар. Интернат не үшін керек?.. Шалғайдағы елді мекендердің балалары осында келіп қажетті білім ала алады. Оқу ордасы кең жолақты интернет жүйесімен қамтылған.

Елбасының тапсырмасымен биылғы жылы өңірде 15 IT-сынып ашуды жоспарлап отырмыз. Соның алғашқысын осы мектепте ашудамыз.

Біз балалардың сапалы білім алуы үшін бар жағдайды жасауымыз керек. Міне, соның көрінісіне өздеріңіз куә болдыңыздар, - деді облыс әкімі Алтай Көлгінов.

Сапар барысында облыс әкімі А.Көлгінов ата-аналармен де дидарласты.

DSC_0085Ата-аналар болса, өңір басшысына ұрпақ болашағы үшін заманауи үлгідегі мектеп ғимаратының бой көтеруіне қолдау көрсеткендігі үшін ақ баталарын берді.

Заманауи талаптарға сай жабдықталған мектепте 100 балаға арналған интернат үйіне қоса, асхана, спорт залы, кітапхана, т.б. қажетті сыныптар бар.

Аталмыш мектептің ең басты ерекшелігі – облыста алғашқы боп IT-сынып ашылатындығы.

IT-сыныпта оқушылар үшін барлық жағдай толыққанды жасалынған. Сабақ екі тілде (қазақ және орыс тілдері) жүргізіледі. Арнайы мамандар кәсіби біліктілігін арттыру курстарынан өткен.

Сапар аясында Зеленов ауданының әкімі Асхат Шахаров өңір басшысына ауданның әлеуметтік-экономикалық ахуалын баяндады.

DSC_0135- Ауданда Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша елордасы Астана қаласының 20 жылдығы мерейтойы аясында екі саябақ, аудандық тарихи-өлкетану музейі ашылғалы отыр, - деді өз сөзінде аудан әкімі Асхат Шахаров.

– Мектепте оқушылар үшін барлық жағдай жасалынған. Бұрын осы ауылдың балалары ыңғайластырылған әкімшілік ғимаратта оқып келсе, жаңа оқу жылынан бастап жаңа да сәулетті мектеп үйінде білім мен тәрбие алуға мүмкіндік алып отыр.

Бұл әрине, сөз жоқ, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы саясаты жетегінде облыс, аудан басшылығының қолдауымен жүзеге асты.

Мектеп жанындағы 100 орындық интернат үйіне негізгі мектепті бітірген ауыл балалары (9-сыныпты бітірушілер) келіп, оқуын жалғастыратын болады. Бұл ауыл балаларына жасалған үлкен қамқорлық. Біз өте қуаныштымыз, - дейді Дариян жалпы орта білім беретін қазақ мектебінің директоры Шолпан Өмірзақова.

 Ертай БИМҰХАНОВ,

Зеленов ауданы

Дариян ауылы

Суреттерді түсірген Түгелбай БИСЕН

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале