12.08.2019, 11:23
Оқылды: 300

Өңір басшысы диқандармен жүздесті

Жексенбі күні Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев Бәйтерек ауданында болып, диқандармен жүздесті.

обл 3

Аудан аумағында күздік және жаздық бидай егу шаруашылығын жүзеге асырып отырған «АгроСервис-Батыс» ЖШС-де бүгінде орақ науқаны қыза түскен.

Атап айтар болсақ, биыл 6 мың гектар алқапқа дәнді дақыл сепкен шаруашылық күздік бидайдың әр гектарынан 18 центнер, жаздық бидайдан 15 центнер өнім алып отыр.

Өңір басшысы Ғ.Есқалиевке орақ науқанының ойдағыдай ұйымдастырылып жатқандығын жеткізген «АгроСервис-Батыс» ЖШС директоры Ғазиз Рабаев туындап отырған мәселелерді де алға тартты. Оның бірі – шаруашылық қуатын еселеп, алқап көлемін үлкейту мақсатында қосымша жердің қажеттілігі.

Тірлігі тиянақты шаруашылық басшысының мәселесіне құлақ асқан өңір басшысы Ғ.Есқалиев:

- Біз қашан да еңбек адамдарын қолдауға әзірміз. Берекелі еңбек еткен адам ғана мол өнім ала алады. Жұмысты дұрыс жолға қойған шаруаларға мақсатты игерілмей бос жатқан алқаптарды беру – біздің басты міндетіміз. Әлде де болса жауын-шашынға қалдырмай, өнімдеріңізді уақытылы жинап алыңыздар. Еңбектеріңізге мол табыс тілеймін, - деді.

обл1

- Біздің шаруашылық бидай егу шаруашылығымен айналысады. Шаруашылық жұмысына ауылдың 30-дан астам тұрғыны тартылған. Олардың еңбекақылары уақытылы төленіп тұрады. Техникалардың барлығы дерлік жаңаланған. Заманауи бидай сақтау қоймасын да салып алдық. Ұлғайта түсу жоспарда бар, - дейді ЖШС директоры Ғ.Рабаев.

Облыс басшысы Ғ.Есқалиев аялдаған екінші нысан – «Матевосян» шаруа қожалығы.

«Матевосян» шаруа қожалығының басшысы Александр Матевосянның есімі жалпыға етене таныс. 40-қа жуық адамды еңбекпен қамтып отырған шаруашылықтағы егістік көлемі – 15 998 га құрайды. Шаруашылық күздік бидай, жаздық бидай, күнбағыс егу шаруашылығымен айналысады.

обл 2

Бүгінгі таңда күздік бидайды толықтай орып, қамбаға құйып алған шаруашылықта жаздық бидай жиналу үстінде. Өнімділігі мол, сапасы жоғары бидайды шашау шығармай орып алуды көздеген шаруагерлерге жанар жағармай, қосалқы бөлшек, өзге де қажеттіліктен кедергі жоқ.

Әр жұмысшымен жеке-дара пікірлескен өңір басшысы күн райының қолайлы кезеңін сәтті пайдаланып қалуды тапсырды.

Облыс әкімінің ауданға жасаған сапары барысында Бәйтерек ауданының әкімі Асхат Шахаров бірге жүрді.

Ертай БИМҰХАНОВ,

Бәйтерек ауданы

Суреттерді түсірген Сәлім МӘМБЕТӘЛИЕВ

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале