13.05.2020, 18:02
Оқылды: 89

Онлайн-байқаулардың озаттары

Жаһан жұртын әбігерге салған короновирус кесірінен көптеген дәстүрлі байқау шегеріліп, жылдағыдай жарқырап өтпегені рас. Алайда өнер десе ішер асын жерге қоятын жандардың демеуімен музыкалық сайыстар онлайн түрде өткізіле бастады.

A62BB372-7665-47E5-8EFF-F2B3011CB32A

Солардың бірқатарына аудандық саз мектебінің шәкірттері де сынға түсіп, жүлделі орын иеленді. Айта кетелік, онлайн-байқаудың негізгі ережелеріне сәйкес әр қатысушы өз өнерін бейнекамераға түсіріп, ұйымдастырушыларға жолдаған болатын.

78D581EC-36AA-4DDC-941D-1254B73D09DA

Хакім Абайдың 175 жылдығына арналған «Үкілі үміт» халықаралық өнер фестивалінде саз мектебінің өрендері Арсен Серіков, Айзия Талапқызы, Әдемі Тайырқызының көрсеткен өнерлері үздік танылып, І дәрежелі дипломмен марапатталды. Республикалық «Біз біргеміз» атты балалар мен жастар байқауында «Аспапта орындау» аталымы бойынша Сұлтан Сансызбай бас жүлдені иемденсе, Балайна Хамидолла, Назерке Маралова, Әдемі Тайырқызы І, Аңсарбек  Ғаділбеков ІІ орынды місе тұтты. Сондай-ақ «Dara bala» халықаралық байқауында Назерке Маралова топ жарып, бас жүлдемен және қуантты. «Дарындар әлемі» халықаралық шығармашылық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілген «Musiс Art festival» онлайн фестивалінде фортепиано жанрында Айым Хамидолла гран-при иегері атанса, Аянат Шынболатқызы, Сезім Хамидолла - І, Адия Әбуова ІІ орынды қанжығасына байлады. «Балбөбек» тобының  өнерпаздары жүзден жүйрік шығып, І орыннан көрінсе, академиялық вокал аталымында Аружан Бердібекова ІІ орын иеленді.

FDB47EF4-27F1-4D1B-BD29-97D4A9E55322

Сайыстардан сүрінбей өтіп, жұлдыздай жарқыраған өнерлі өрендердің жетекшілері Самал Рахымжанова, Гүлфия Ихсанова, Саида Әжіғалиевалар да талантты шәкірттерді тәрбиелегендері үшін алғысхаттармен марапатталды.

Арайлым Маратқызы

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале