6.08.2020, 9:47
Оқылды: 34

Онлайн қой көтерді

Қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай Сырым ауданының орталық мешіті мен «Сырым» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен қой көтеруден онлайн жарыс өтті, деп хабарлайды бас имам Әділхан Наурызбай.

052B152C-E929-4C13-86C6-C06B29C942BB

Жарысқа қатысуға өтініш білдіргендер шарт бойынша қой көтерген сәттерін бейнежазбаға жазып, ұйымдастырушыларға жолдады. Әр қатысушыны бақылаушылар қадағалады.

6A1B21D3-A872-465D-9B04-FEDFC94726D4

Жарыс қорытындысы бойынша, қойды 44 мәрте көтерген Ернар Жұмағалиев жеңімпаз атанды. ІІ орынды Мейірхан Талғатов, ІІІ орынды Дархан Есжанов алды. Жақсы нәтиже көрсеткен Алтынбек Сайынов ынталандыру жүлдесімен марапатталды.

 Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале