5.02.2019, 13:07
Оқылды: 63

Онлайн сауалнамаға 2500-ге жуық ақжайықтық қатысқан

Бұл туралы Ақжайық ауданының әкімі Қалияр Айтмұхамбетов тұрғындар алдындағы есебінде айтты. Шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғали Есқалиев, облыстық мәслихат хатшысы Мәлік Құлшар, бірқатар басқарма басшылары қатысты.       

        aqjaiyq esep (17)

         2018 жылдың қорытындылары және алда тұрған мақсаттар турасындағы баяндамасында аудан әкімі нақ осы, яғни халықпен тығыз байланысты алдыңғы орынға шығарған.

         - Өткен жылы барлық жердегі есепті кездесулердің нәтижесінде 91 мәселе көтеріліп, оның 49-ы оң шешімін тапса, 11-не уақтылы түсінік беріліп, 31-і қаржыландыруды талап ететіні немесе ұзақ мерзімді сипатқа ие екені тұрғындарға ұғындырылды. Барлық ауылдық округте, соның ішінде Чапаев және Тайпақ ауылдарында 2 мәрте «Ашық әкімдік» шарасының ұйымдастырылуы, әлеуметті жеке мәселелерімен қабылдаулар, басқа да жүздесулер қорытындысымен мәселен, 22 өтініш шешімін тапты. 13 өтініш бақылауға алынып, орындалуда. Жұртпен қарым-қатысты нығайтуда барлық оң нәтижені байыта түскен абзал. Кешегі қаңтардан жергілікті ақпарат құралдары және әлеуметтік желілер арқылы онлайн сауалнама жүргізу басталды. Бүгінге дейін сол сауалнамаға 2500-ге жуық ақжайықтық қатысты. Айталық, олардың 13,6 пайызы ауылдарды абаттандыруды қажет деп тапқан. 10,2 пайызы елдімекендердегі жол құрылыстарын және жолды жөндеуді жалғастыруға ұсыныс берді, - деді Қалияр Шадиярұлы.

Болат Қосжанұлы,

Ақжайық ауданы

© zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале