14.12.2018, 18:59
Оқылды: 37

Орал-Ақтөбе күрежолының бойынан жаңа автокемпинг ашылды

Тәуелсіздік күні мейрамына орай Қаратөбе ауданына қарасты Қоскөл ауылдық округінен 9 шақырым жерде, Орал-Ақтөбе күрежолының бойынан жаңадан бой көтерген «Ақжол» кешенінің салтанатты ашылуы өтті.

IMG_8904

Жолаушыларға қызмет көрсетуге арналған автокемпинг кешенін Қоскөл ауылының тумасы, белгілі кәсіпкер Серікқали Аққобанұлының бастамасымен өз қаражаты есебінен 120 млн. теңгеге салып отыр.

Келісті сәулетімен алыстан көз тартатын автокемпинг кешенінің ашылуына аудан әкімі Жанат Асантаев арнайы қатысып, ізіг тілегін жеткізді.

– Халқымыздың көне заманнан бері аңсаған арманы болған егемендігімізге қол жеткізгенімізге, міне, 27 жыл толып отыр. Мерейлі мерекелеріңізбен баршаңызды құттықтаймын!

Ауданымызда биыл жеке кәсіпкерлердің бастамасымен бірқатар жоба жүзеге асырылып, ел игілігіне қажетті нысандар ашылуда. Соның бірі бүгін өзіміз куә болып отырған Қоскөл ауылдық округінде «Феруза» жеке кәсіпкерлігі автокемпинг ғимаратын тұрғызып отыр,- деді аудан басшысы.

Жаңадан ашылған кәсіпкерлік нысаны екі қабаттан тұрады. Үстіңгі қабатында екі кісілік бес бөлме және сауна орналасқан. Бір люкс бөлме бар Қонақ үйде жолаушылардың тынығып, демалуына барлық жағдай жасалған. Бөлмелерде салқындатқыш, душ кабинасы бар. Астыңғы қабатта 40 адамға арналған асхана, дүкен және сағатына 70 бөлке нан пісіретін наубайхана орналасқан.

Кешен қожайыны, «Феруза» жеке кәсіпкелігінің жетекшісі Адина Егізбайқызының айтуынша, болашақта автокемпинг жанынан жанармай құю бекетін және аутокөлік жөндеу шеберханасын салу жоспарда. Бес адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

IMG_8874 IMG_8883 IMG_8895

IMG_8914 IMG_8936 IMG_8947

Серікбай ХАСАНОВ,

Қаратөбе ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале