29.11.2017, 10:31
Оқылды: 17

Орал-Саратов тас жолының бойында жанармай бекеті ашылды

Тасқала ауданының орталығында «Нефтэк» жанармай құю бекетінің ашылу рәсімі өтті.

Салтанатты жиында аудан әкімінің орынбасары Арсен Толқынұлы мен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жәрдемғали Абылғалиұлы, сондай-ақ «Нефтэк» ЖШС қауіпсіздік қызметінің бастығы Д.Құлжанов сөйлеп, жиналғандарды жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.

Содан соң лента қиылып, тұрғындар ғимарат ішін аралап көрді. Мұнда орналасқан шағын маркеттен жолға қажетті нәрселерді оңай табуға болады.

Орал-Саратов тас жолының бойында заман талабына сай бой көтерген жаңа жанармай бекетінде ауданымыздың 11 азаматы жұмыс істейді.

Мұнда «АИ 92» маркалы жанармайымен қатар «Дизель» отыны, сондай-ақ газ да сатылады. Бұл ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуының жақсаруына өз септігін тигізетін болады.

Сонымен қатар шара барысында мерекеге орай аз қамтылған он отбасыға «Нефтэк» ЖШС атынан азық-түлік берілді.

Назгүл СЕРІКҚЫЗЫ,

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале