22.09.2018, 11:25
Оқылды: 83

«Орал – Тасқала – РФ шекарасы» жолының 95 пайызы жаңғыртылды

 Облыс  әкімі Алтай  Көлгінов «Нұрлы  жол» бағдарламасы  аясын­да жүзеге  асып  жатқан «Орал – Тасқала – РФ шекарасы» ау­то­жолын жаңғырту  жұ­мыстарымен  танысып қайтты.

jol (7)

Қазіргі  таңда  жол  жөндеу  жұмыстары  РФ  шекарасына  таяп қалған. Облыс әкіміне жол құ­­ры­­лысы­ның бү­гінгі жай-күйін «Юни­­серв» ЖШС-ның бас инженері Николай  Кондопуло  баяндап  берді.

– Бүгінде жолды қалпына кел­ті­ру жұмыстары 95 пайызға орындалды. Қазір үш шақырымға ас­- фальт төсеу жұмысы қалып отыр. Оны осы айдың соңына дейін бі­ті­реміз. Жол төрт жолақты болады. Екі жолағы жеңіл аутокө­лік­терге, бір жолағы аутобустарға, қалған екі жолақ ауыр жүк кө­ліктеріне арна­лады. Аутожол бо­йынан болашақ­та жаңғырудан өт­кен жолды күтіп ұс­тауды жүзеге асыратын жол пайдалану меке­месін салудамыз. Осы жылы жұ­мысты толық бітіреміз деп жоспарлап отырмыз, – деді Нико­лай  Иванович. Аталмыш бағыттағы аутожолды жаңғыртуға 250 техника мен 400-дей адам жұмылдырылған. Бүгінде бұл жолдан тәу­лі­гіне 3 мыңдай кө­­лік өтеді. Келешекте бұл көрсеткіш­тің екі есеге дейін артатыны да­му жоспарында қарастырылған. Кө­­ліктер тоқтайтын аялдамалар, әжет­ханалар салу да осы жоба аясын­да іске аспақ.

Өңір басшысы мерді­гер компанияға күннің ашық жа­рығын пайдаланып, жұмысты қар­қынды әрі сапалы түрде жүр­гізуді  тапсырды. Айта кетейік, «Орал – Тасқала – РФ шекарасы» аутожолының жалпы ұзындығы 100 шақырымдай бол­са, былтыр соның 27 шақыры­мы жаң­ғыртылды. Қалған 70 ша­қырымнан астам бө­лігінде қал­пына кел­тіру жұмыста­ры қарқынды жү­ріп жатыр. Жол жаңғыртуға қа­жетті қаражат жеткілікті бөлінген. Жұмысты жүргі­зуге барлық жағдай жа­салған. Жол үлкен транзиттік ағынға есеп­те­ліп салынуда. Қуатты­лығы 13 тонна­ға дейін  көліктерді өткізе   алады.

Есенжол  ЕЛЕКЕНОВ,

суреттерді түсірген Темірболат Тоқмамбетов

zhaikpress.kz

jol (8) jol (9) jol (10) jol (13)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале