16.05.2018, 17:05
Оқылды: 29

Оралда кеме үлгілерін жасаудан облыстық чемпионат өтті

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен кеме үлгілері федерациясының ұйымдастыруымен Орал қаласында кеме үлгілерін жасау спорты бойынша облыстық чемпионат өтті.

Екінші рет ұйымдастырылып отырған бұл додаға аудандық балалар техникалық шығармашылығы орталығының «Кеме үлгісі» үйірмесі мүшелері (жетекшісі Нұрмұқанбет Мұстафин) де қатысып, жүлделі орындардан көрінді. Мысалы, Талант Уәлиев («С-5» класы бойынша) І, Әділет Шүкірғалиев («Ғ-2А» класы) ІІ, Мерұлан Ғайниев («С-2»), Әмірхан Темірболатов («С-1»), Жұмағали Қалиев («Ф-2В»), Жалғас Нұралиев («ҒSR-mіnі-Expert»), Мақсат Абдығалиев («ҒSR-ECO-Standart») ІІІ орындарға ие болып, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының дипломдарымен марапатталды.

Мейрамбек ҒИЫЛМАНОВ,

 аудандық мәдениет, тілдерді дамыту,

дене шынықтыру және спорт

бөлімінің бас маманы

Бөкей ордасы ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале