26.05.2017, 17:29
Оқылды: 70

Оралда мектеп оқушыларының айтысы өтті

Karatobe jalindi jastar jyldesi  «Алашорда – Азаттықтың алтын күні» Алашорда қозғалысына 100 жыл толуына байланысты Оралдағы «Дарын» қосымша білім беру орталығында мектеп оқушылары арасындағы облыстық мүшәйра өтті. Оған әр ауданнан 39 оқушы қатысты.


   «Алаш арманы Тәуелсіздік» бөлімі бойынша  7 ауданнан айтыскер оқушылар жұп-жұппен айтысқа шықты. Аталмыш байқауда Мұхит атындағы орта мектебінің 9-сынып оқушысы, Қаратөбе балалар шығармашылығы үйінің «Ақындық әліппесі» үйірмесінің мүшесі Райымбек Өтепов ақжайықтық жас өрен Гүлназ Патшағұловамен айтысып, әдемі қағытпа айтыс өрнегін көрсетті. Финалда сырымдық жас айтыскер Бекарыс Серғалиевпен кездесіп, жерлесіміз басымдық танытты.        Айтыс нәтижесі бойынша сынға түскен айтыскерлердің ішінде айтыс өрнегін көрсете білген жерлесіміз Райымбек Өтепов бас жүлдені қанжығасына байлады.

      Жас айтыскерлерге қазылар алқасының төрайымы ақын Шолпан Қыдырниязова өзінің жылы лебізі мен жүрекжарды ақ тілегін айта келіп, «Жаттанды сөз қумай, суырып салып айтысуды дамытуға үлес қосыңыздар» деді.

Маралбек АМАНТАЕВ

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале