2.04.2018, 11:20
Оқылды: 94

Оралда самбо күресінен республикалық ашық турнир өтті

Орал қаласында самбо күресінен спорт ардагерлері арасындағы әлем чемпионаттарының бірнеше дүркін жүлдегері Тілекқабыл Қамзиевті еске алуға арналған самбо күресінен III республикалық ашық турнир өтті. Бұл жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен палуандар қатысып, өз бақтарын сынады.

Байрақты бәсекенің бозкілемінде атой салған жаңақалалық палуандардың да қанжығалары майланған болатын.

Атап айтар болсақ, 100 келі салмақ дәрежесінде Жайсаң Есекенов (50-54 жас ерекшелігі бойынша), 82 келі салмақта Замир Батыров (40-44 жас) алтыннан алқа тағынса, 90 келі салмақта Нұрбек Сұпығалиев (35-39 жас) қола жүлдені еншіледі.

Сондай-ақ 2002-2003 жылы туған жасөспірімдер арасында Жалғас Тілекқабылов (42 келі) ақтық сында Жамбыл облысының палуанын 11:2 есебімен ойсырата ұтып, жарыстың жеңімпазы атанды.

Алтынбек ЕРМЕКҚАЛИЕВ,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале